20.08.2022
  116


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Күннің көзі күннен күнге қабарып...

Күннің көзі күннен күнге қабарып,
Көлеңкелер төрт тарапқа таралып, -
Қақ төбеден бір бұлт төніп келеді,
Жай бұлт емес -
Қара бұлт...
Бір қара бұлт қақ төбеден төнеді.
Бір найзағай тұтанат та -
Сөнеді.
Бұлт ішінде туған жасын, қалайша,
Жерге түспей, бұлт ішінде өледі?
Қабағымыз қабарып,
Қара аспанға қайта-қайта қарадық.
Қараорманға қара нөсер керек бір,
Жауасың ба, ей, қара бұлт?
Жаумасың ба, ей, қара бұлт?!





Пікір жазу