20.08.2022
88
Жап-жас ем.
Жап-жас ем.
Шешем бар қасымда,
Елім - бар, ерекше-мұратым.
Алашқа, ағайын, бауырға,
Бауырым езіліп тұратын.
Тыйылып періште күлкім де,
Көзіме ащы жас іркілді.
Бауырым қап-қатты бұл күнде.
Алаш та - бір түрлі...
Бауыр да бір түрлі...