20.08.2022
  92


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

БЕСІК ЖЫРЫ

Ұйықтай ғой, бөпем,
Жырыма майдай еріп бір,
Мазасыз жанға төзімді зілдей серік қыл.
Жаныңнан шықты жан дауысы Жаңа заманның:
«- Жатындар жерге!
Жан алғыш ұры келіп тұр!!!»
Ұйықташы...
Сен бір бесікте жатқан ерікті ұл,
Еріксіз - бізбіз - елеске жүрген сеніп құр.
Жаңа бір заман жаңа буынға, қашан да,
Ойыншығын шашып,
Добын да кіре теуіп бір,-
Айқай сап келген мылтық пен оққа сеніп кіл;
«Тарихты» оқы,
Әр бетің ашсаң бір-ақ сөз:
«- Жатындар жерге!
Жан алғыш ұры келіп тұр!!!»





Пікір жазу