20.08.2022
  101


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Хош, Дәртай!

Хош, Дәртай!
Қайырылмай барасың ба?
Туған жұрт - Тоқырауын жағасында:
Көңілдің сол еді ғой - сарасында,
Көзіңнің сол еді ғой - қарасында.
Алашта,
Адамзаттың баласында, -
Ақтоғай - алтын бесік,
Дара - осында;
Паш етіп атын да Алты Алашыңа, -
Алдын ба жүрегіңе нәрін құйып,
Салдың ба сырнайыңның сағасына;
Опасыз уақыт оған қарасың ба:
Сен - кеттің,
Қайран халқаң қалды боздап,
Ақсораң - Шатыршаның арасында...





Пікір жазу