20.08.2022
111
Бұ заманның кемелі осы - кесірлі!
Бұ заманның кемелі осы - кесірлі!
Енді сенің жиғызбас ол есіңді:
Абылайдың заманында жоқ еді,
Ақ патшаның кезінде кеп,
Есірді;
Сұлтанмахмұт аштан қатып сол кезде,
Кейкің -
Өлім жазасына кесілді!
Бойдан - рух бой тасалап, ойдан - нұр,
Хан қайыршы болған күні тойған -
Құл -
Махамбетің басын алып қылышпен,
Алып-соғып Абайды да сойған -
Бұл!
Қай қазақтың тереңіне бойлар бір,
Ол да мендей оңбаған деп ойлар құр;
Босағаға сүйреп есіл еріңді,
Төрге өлген соң бәдіретін қойған - дүр;
Әлиханды ұстап беріп кәуірге,
Әлі соның жан азасын тойлап жүр!
Елден тартып, жинап алған мал қандай!
Күн көріп көр енді соған жалданбай?!
Алшандайды, Азатттықты Алланың
Алдында боп, өзі сұрап алғандай...