20.08.2022
  87


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Уа, Дүние, аялдағын бірер сәт...

Уа, Дүние, аялдағын бірер сәт,
Жүрегінде - бекзат сезім,
Жүгенінде - алтыны, -
Ата-бабам ат үстінен сүрен сап,
Ел қылғанда өңкей жаяу-жалпыны,---
Өз төрін өзі тәрік етіп,
Өзгенің босағасын қастерлеп,
Ғаламнан қалып шеткері, -
Балақтағы бит басқа өрлеп,
Баспақ боп өтсін деп пе еді!





Пікір жазу