20.08.2022
89
Уда - бал да...
Уда - бал да,
Суда - мұз.
Етекте шыңырау,
Құзда - біз.
Есенғали екеумізді көзге ілмей,
Беляевпен билеп кетті Муза Қыз.
Бернияз да иіскемей бетінен,
Есенин де сипамаған етінен.
Мен де онымен түсімде сан көрісіп,
Ол тіл қатар кезде оянып кетіп ем.
Пегасына жегіп алтын күймені,
Омыраудан ағытып бар түймені, -
Билегенде жерге аяғы тимеді!
Көктен келіп түссе қайтем?
Жерге кеп,
Көшедегі көрінгенмен биледі!
Бас сап, құшып сүйгелі, -
Олар оны төсегіне сүйреді...
Муза Сұлу, өліарада өтпелі,
Хан тағынан неге түскен көктегі.
Адамзатқа қарайтұғын беті жоқ,
Абдырап тұр,
Аяғы ауыр, өйткені..