20.08.2022
115
Дүние мынау - қараңғы. Бол, бол, Ақын...
Дүние мынау - қараңғы. Бол, бол, Ақын,
Келіп тұрмыз кезеңге толғанатын:
Тілді Тәңірі келтірер кәмилаға,
Қара түнек серпілер…
Ол да - жақын.
Тарих заңын тезіне сала ма ақыл,
Тезге салмай тентіреп қала ма құр?
Шүберекке жүрегін түйіп Алаш,
Алла менен Абайға бара жатыр.