20.08.2022
  86


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ПЕТЕФИДІҢ ӘУЕНІМЕН

Ұйып жатыр сөзіңе -
Кім?
Қарап жатыр көзіңе -
Кім?
Өз еліңде өзің -
Өгей!
Өз жеріңде өзің -
Жетім!
Қап-қара бұлт бастан өріп,
Арам шөбің тастан өніп.
Арамза, сұм семіреді,
Адал ұлың аштан өліп..





Пікір жазу