20.08.2022
130
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
НЕКЕ САҚИНАСЫ
Сал аурудай, салқын қаны,
Келді алдыңа шерлі ерің:
Мынау алтын сақинаны
Танисың ба, Зергерім!
Бір әйелді сүйіп ем ғой
Көңілінің хошы - нұр?
Соған бола құйып ең ғой
Сақинаңды осы бір?!
Жатқа құлап...
Құсамын мен,
Қанжылатты ол қанша күн?
...Кесіп алдым пышағыммен
Бүгін соның саусағын!
Қалған бағыт - бақи-дағы!
Қалай мұнда жай табам?
Осы опасыз сақинаны
Балқытып бер қайтадан!
Құй қайтадан!
Қу өмірде
Кесіпатқа кенеліп;
Шарқ ұрған тұл жүрегіме,
Алқынған сұм жүрегіме
Жіберейін жебе ғып...