20.08.2022
84
Жеті жасар қарағай
Жеті жасар қарағай -
Жеті жасар баладай.
Қалың өртке шалдыққан
Қарқаралыға қарамай,
Қарағанды басына қалай келдім, балам-ай?
Қарқаралы көгалы,
Қарқаралы гөзалы,
Сені көрсем, құдай-ау, арқам неге қозады?!
Қарқаралы таулары - өртке түсіп, лаулады!
Аласұрып тау дағы - атан түйеше аунады!
Тәңірі жоқ...
Бар болса, нөсер неге жаумады?!
Қарқаралы қайыңы - Алаштікі, айыбы.
Ит те содан байыды,
Құс та содан байыды!
Мынау не «Хан-талапай»?!
Қалмады ма бір талы?
...Сұлу болма, балақай: сұмырайлар - құртады!
Жеті жасар қарағай -
Жеті жасар баладай.
Атпай қойды-ау ала таң,
Алаң ойлар келді шақ:
Ойға түспе, балапан,
Опынасың мен құсап,
Қалың өрттің ішінде отырасың мен құсап!