20.08.2022
  75


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

1819 ЖЫЛҒЫ АНГЛИЯ

Королім - соқыр! Көрмей - өзінен басқаны,
Бостандығымның сол боп тұр сойқан һас жауы!
Мұрагер-принц те кәрі қақбастан аспады, -
Ұлы Англияны аяқ астына тастады!
Биліктен қайыр күтпей,
Көп -
Ұры боп кетті ұлысын жауша үптей кеп:
Бір үзім нанды көрсетші, мына аш тобыр
Алдыңнан шықсың иттей боп!
Қисайып заңның қазығы,
Әрбір әрібі -
Алтынның ғана жүріп тұр асқақ әмірі!
Төбеден Сайтан тұр ұрып:
Қазыналық билет құны жоқ қуды ірі ғып;
Бостандық - өлді! Король мен кір, лас - кірігіп!!
Мен білсем, қанның тұр әлі сезбей исін Ол,
Сезсесе оны кенет... Кетуі мүмкін - тіріліп...





Пікір жазу