20.08.2022
  120


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Жанын жасынға жаныған жұрт едік.

Жанын жасынға жаныған жұрт едік.
Көшін ұзатып тұрған шал -
Ақтамберді дейтін асыл-ды.
Түбім - Күлтегін.
Төңірегім - Біржан сал.
Қаным - Қасым-ды.
Вискиді сіміріп, жүзімнің өзін жүре жеп,
Кімге керек деп мына сор?
Шәміл екеуіміз базар басқарып жүрер ек,
Ол - тауға кетті...
Мен - дауға кеттім.
Кінә-сол!
Қап тауында үйірлі қасқырмен қоса өріп,
Етектен - кәуір, құзынан - дауыл соққылап,
Тауда жүр Шәміл қар кешіп, көк мұз төсеніп,
Мен - елде жүрмін.
Жетісіп жүргем жоқ, бірақ.
Төменде - ел.
Тәңірі - төбемде.
Өртенге кіріп, өртенді менің өзегім.
Базарға бармай, бағымды сынадым өлеңде.
Өзбекстан емес, өйткені, мынау-өз елім.
Өртеніп барады өзегім...





Пікір жазу