20.08.2022
  75


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Сайран менің он сегізім

Сайран менің он сегізім
Аққудайын айнакөлде
Ақтоғайға арбалды.
Орда бұзар отыз жасым,
Қамал алар қырық жасым
Қарқаралда қалған-ды.
Қазыбек би жоқ, Әйтеке би де, Төле де,
Алдына барып бақ сынар.
Тоталитаризм - төбеде.
Төрімде кілең - қабағын түйген хатшылар.
Біреуге ұнар, ұнамас,
Түнектен Күнді шолғанда, -
Содан да қалған мына бас
Адыра қалмас Алашы азат болғанда.
О да бір ойран кез еді.
Өртендім - күйдім.
Егілдім - сүйдім, лақылдап.
Жанымның жасын кезеңі
Өзімнен көшіп, өлеңде қалды -
Лапылдап!
Көзімде - сорам...
Қайтейін соны сезбесе ел?
Көкірегіме көктей кеп Көктен жетті өлең.
Ел лағып жүрген кезде сол
Лапылдап жанып,
Мен қалай күл боп кетпегем?!.





Пікір жазу