20.08.2022
  92


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Балжаласпады бақастар ақыры...

Балжаласпады бақастар ақыры,
Үстінен төнді, өрді апат.
Қаншама марқұм қапаста жатыр,
Жер асты - алып көр-лақат!
Өмірдегі өксік мағыналардың
Өлеңге көшіп дірілі -
Запыран құсқан заманалардың
Сүйегі көрде шіріді.
Жоғалтты талай ерін жер беті,
Көбін талақ қып тастады.
Клеопатралардың керім келбеті
Көмескі тарта бастады...
Жұлдыз да жанып - сөніп қалады
Аспанда аздап сән құрып.
Лениннің өзі өліп барады,
Лирика ғана - мәңгілік.





Пікір жазу