20.08.2022
  149


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Ұмай - Ана.

Ұмай - Ана.
Ұмай - Жыр.
Жатырында жанталасып тулайды ұл.
О, сүйінші, Омар туды қазақтан!
Бірақ, Хаям тумай тұр...
Тәубәмізге түселік,
Біз - қазақпыз, ғажаппыз деп күшейіп.
Үйіне кеп Омар Жәлел серінің,
Омар Хаям туғандай бір ішейік!
Асығымыз күлер кезде алшыдан,
Тарих шыға келеді ылғи қарсыдан.
Гректерден Ғомар туды дейді ғой,
Омар Хаям туды дейді парсыдан.
Туа берсін, тұна берсін - тұнық бұл,
Осы болар көш бастайтын уытты ұл.
Хаям тумай жатса енді қайтеміз?
Бүгін Омар туып тұр...
«Тектіден - текті туады» -
Атасының аузы неткен дуалы!
Айтқан сөзін ұқпай, арты - шу әлі.
Бүгін Омар туды біздің қазақтан.
Хаям туса - туар...
Кейін туады...





Пікір жазу