20.08.2022
  84


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

МЕНТАЛИТЕТ

Біздің тұқымда
Қасқырдың емшегін емген
Бір адам болған…
Сансыз сауал сансыратып сананы,
Қайда деймін Көкбөрінің заманы?!
Ол болмаса Олжас ағам қасқырдай,
Қас дұшпанға қалай жалғыз шабады.
Түпсіз әлем -
Түркі жұрты -
Жиһаны,
Маңайында үрсе де сан ит әлі -
Көкбөрім деп Шота Уәлихан ағам кеп,
Неге мені маңдайымнан сипады.
Осы -
Азат бөрілердің жері, елі.
Шерхан ағам - айбат шегіп,
Шер - өңі:
«Оқышы» - деп - «Монологын Қасқырдың»
Неге менің мазамды ала береді?!
Тектіміздің бір тұяғы кешегі, -
Шота ағамды ел киелі адам деседі.
Мағмұрланып сол бір көкем сипаған
Маңдайымның соры неге бес елі.





Пікір жазу