20.08.2022
  129


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ҚҰСТАР ПАТШАЛЫҒЫ

Жанартаудағы жарға, көп болды,
Бір-бірін шұқып, кимелеп, -
Қаптаған қалың қарға кеп қонды,
Калған жемтікке үймелеп.
Мәз болып осы алтын заманға,
Салулы төсек, салқын бақ, -
Қырандар көкте саңқылдағанда,
Күледі дерсің - қарқылдап!
«Аспаны астынан Алламыз іздер
Құс едік, зәузат сонша көп,
Қарға тамырлы қарғамыз біздер,
Е, қайтем қыран болса?!» деп.
Апан айналып асқан-ды бағы,
Жемтікке ғұмырын сарып қып,
Мұз басқан заңғар асқарды-дағы,
Аспанды-дағы - тәрік қып!
Бұ-дағы құстар патшалығы екен ғой,
Жарықтық…





Пікір жазу