20.08.2022
95
Сүйді түркі әйелді.
Сүйді түркі әйелді.
Әйелдей әсем әлемді.
Сұлудың көзі бет осып,
Күйген!
Сүйген қаталап:
Күллі Ұлттық Эпосы -
Ару қыз бен Махаббат!
Өтіп небір қатерден
Шығысты -
Батысқа жалғады.
Тоқал алды жат елден,
Басқа түк те алмады!
Құнын біліп тек, заттың,
Жанарында жүзді нұр.
Мәскеудегі бекзаттың
Бәрі-дағы -
Біздің ұл!
Құшағы - от, өртеді,
Елден ерек несімен?
Әйел көрсе еркегі
Танады әлі есінен…