meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  157


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ

(Төлеуқадыр Тоқтамысовқа)
Бетон қабырға тершіп тұр,
Сап болып ескі таныс үн.
Ол -
Небір Соломенцевтің
Естіген зілді дауысын.
Асқақ ой, ащы азамен,
Атойлап асау ділімде -
- Азаттық!
Неткен ғажап ең! -
Дедім мен қазақ тілінде.
Сарайға жетті көктегі үн,
Көшірер бәрін ол енді.
Кеудемнен шығып Көк Бөрім
Кең залды кезе жөнелді.
Телефон да үнсіз ұялы.
Ойнақ салады от өріп -
Арғымақтарымның тұяғы
Басына залды көтеріп…
Бұл дүние - дүние емес деп,
Елең де қылмай мұны түк -
Жібектер көзге елестеп,
Жезөкшелерді ұмытып!!!
Аспаннан жауып жүзін нұр,
Сарайдың іші - қызыл гүл;
Балқашта - ұлттық рухым,
Жүректер сонда жүзіп жүр!
Махамбет қайтты Қараойға,
Асқақ ой жаулап сананы, -
Түксиіп тұрған сарайға
Түркінің кірді заманы.
Атой сап, айқой, келді жыр,
Шерлі бір қияң-қиясы.
… Егемен қылған елді бұл -
Қазақтың поэзиясы.





Пікір жазу