20.08.2022
  98


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ПАТРИЦИЙЛЕР ПАТШАЛЫҒЫ

Ғаламзатқа ғажапты айтып,
Адамзатты шомылдырып ғазалға, -
Бір базардан қазақ қайтып,
Келіп тұр бір базарға.
Сал-сері еді,
Бөлек еді,
Мәтел де - жыр, мақал да.
Тұла бойы өлең еді,
Төгіп шықты жаһанға.
Шатастырма басқаменен:
Тауын, тасын, қолатын.
Тау да - өлең,
Тас та - өлең,
Өлім де - өлең болатын!
Нұрда - Шығыс,
Батыс - күлде!
Айхой, сол бір алтын кез:
Поэзия ат үстінде!
Қара жерде - қаңқу сөз!
Ел бар ма еді Сақтан күшті,
Жоқ оның да қан- сөлі;
Поэзия тақтан түсті!
Аттан түсті сал-сері!!!
Өн мен түнге таңды қосты ол,
Жап-жарық қып сананы,
…Көріспеспіз:
Мәңгі хош бол,
Патрицийлер заманы!
Көкке нұрын шашып өтті
Дулат - Данте - барлығы.
Ақсүйектік - қасиетті!
Қасіретті тағдыры…





Пікір жазу