20.08.2022
127
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Ана тілім, Алашымның көзі едің,
Өртенеді өзегім...
Үндемейді бесік жырын айт десем,
Өгей шеше - өз елім?!
Бүгін - барда, жайлауда едім кеше мен.
Шарап ішем, қымыз ішпей кесемен.
Өзегі шер ұрпақпын мен азалы,
Өз анам жоқ...
Қалдым өгей шешемен!
Күнде - қарғыс, күнде - тергеу, сот маған.
Шатқан-бұтқан, оттаған -
Өгей шешем айналдырған ақ басын,
Өз әкемді танымайтын боп барам.
Зіл табандай - өтер екен қайтып жыл,
Жаңа ғасыр көшіп келмей, тайқып жүр.
...Жас баладай ұйықтап кетсем балбырап,
Түсімде анам бесік жырын айтып жүр.