20.08.2022
  82


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

АҚЫН МЕН ТОБЫР

Тарт тіліңді!
Қарасы - мың,
Құл мен құтан, қара шыбын!
Жем іздеген жердің құрты!
Ал, мен көктің баласымын!
Епті қулық, айлаға да -
Сен - жерде, мен - айдалада.
Іздегенің - пайда ғана.
Аулақ!
Мені аймалама!
Аспан асты - азан-қазан,
Тұра қашып, ала қашып...
Муза - маған, қазан - саған,
Талас итше, тамақ асып...





Пікір жазу