20.08.2022
76
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
ЗАМАНА КЕЙІПКЕРЛЕРІ
Күлембайым - тоқ.
Көжекбайым - топ-топ.
Оразбайым - көп.
Лермонтовың - жоқ…
Жоқ!
Дүтбайларым - мас.
Алшынбайым - жас.
Ерболдарым - бір-бірімен - қас.
Әбіштерім - аш!
Шәкәрімім - шет елде.
Шәйірлерім - назарда.
Шәріптерім - отельде,
Тоғжандарым - базарда.
Күңгірт тұман - санада,
Жаным дертті, сірі әрі.
Өлген Абай ғана ма?!
Өзгелері тірі әлі.