20.08.2022
92
Талақ қылдым сені бүгін…
Талақ қылдым сені бүгін…
Тастадым!
Саусағыңда - сақинасы басқаның:
Маза берер емес маған қас-қағым -
Миыңдағы ойлары да басқаның.
Қойшы, жаным…
Аузыңды да ашпағын,
Тұншыққан бір демін сезем басқаның;
Нұрлары да - көзіндегі басқаның,
Денеңдегі - сезімдері басқаның!
Талақ қылдым сені бүгін…
Тастадым!
Саусағыңда - сақинасы басқаның;
Сенен небір сезім өткен қас-қағым,
Бұл да өтеді - күңірентіп аспанын,
Сен сел қылған сезіміндей басқаның!
Саусағыңда - сақинасы басқаның.