20.08.2022
  153


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Поэзия демін ішке тартып тұр

Поэзия - демін ішке тартып тұр
Жидебайдың тұсында.
Дантес - Қарасартовтың
Мылтығының ұшында!
Тамамдап жыр сапарын
Бір аттап... Екі... Үш аттап -
Құлап түсті Шәкәрім
Аттың жалын құшақтап!
Көзге жасым тұнып та
Көргендерім түс, мүлде:
Ақын жатыр - құдықта...
Жендет - аттың үстінде!
Поэзия - батпақта!
Бақа құсап малтып қал!
Миды ашытты шатпақтап
Микро-қарасартовтар!!!
Аза тұнған алабым,
Тұманданып санасы.
Қасқыры өліп даланың,
Қалды - иттің баласы...





Пікір жазу