20.08.2022
134

Не ғажап бар Тәңірдің қуатындай...
Не ғажап бар Тәңірдің қуатындай:
Ұят берді -
Ұлтымның Ұятындай!
Топыраққа керемет кие салды,
Бөкейханнан -
Әлихан туатындай!
Көкірекке көл қылып шер сіңірді -
Көз жасымен көйлегін жуатындай...
Иман берді - нәпсіні тыйятындай,
Сабыр берді - ішінен тынатындай;
Тағдыр тартты - тар жол мен тайғақ кешіп,
Ақыл-есті абдырап жиятындай;
Далам қандай - бес бірдей Франция
Бебеулемей, беліме сиятындай!
Ар дарытты аздырмас текті ірітіп,
Көк Бөрісі кеудемде кекті - ұлытып!
...Қалай Тәңірі осынша ұлы ұлысқа
Ұлттық сезім сыйлауды кетті ұмытып...