20.08.2022
  102


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

НАҒАШЫМ БЕКЗАТҚА

Алаш дейтін айдын көлде,
Шағаладай шарқ ұрғам,
Шаршағам шалдығып,
Алқынғам.
Ұлы Атам - Өтеген Баһадүр,
Нағашым - Қожа Ахмет Яссауи,
Ата - Жұртым да,
Ана - Жұртым да -
Алтыннан!
Шалқаяр жерде -
Шалқайдым.
Марқаяр жерде -
Марқайдым.
Тепсініп келгенде тең атаның ұлы емес -
Тексізбенен тебісе-тебісе -
Қартайдым.
Сайтанменен көрісе-көрісе -
Қуардым.
Сайқалменен өбісе-өбісе -
Суалдым.
Алла алқап, Аруақ жебесе,
Алаш Анамнан қайтадан бір туармын!
Алтын бекет - Алты Алаш.
Алты Алаштың екінші аты -
Жанталас;
Өмірге осы қайта айналып келгенше,
Өзектегі өксігім бір тарқамас...





Пікір жазу