20.08.2022
  163


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Көк Түркінің арын сатпан!

Көк Түркінің арын сатпан!
Көк Бөрінің жұрты - біз!-деп -
Түркі Жыры әлімсақтан
Келе жатыр Түркіні іздеп.
Тау-тас - алтын қазығында,
Қалмай, қайран, елім бүгін,--
Күлтегіннің Жазуындай
Күңіреніп тұр менің жырым.





Пікір жазу