20.08.2022
  135


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ЕКІ МАХАББАТ

Оянам шошып,
Таста да көкке кет,
Қиыр шетке кет!
Тағдырым екі әйелге
Тап қылды неге бетпе-бет?!
Жатасың түнде қасымда,
Қалжырап ұйықтап,
Өкпелеп,
Тас құсап мені лақтырып,
Тамұққа тастап кетпе деп...
Жанарға көздің жасы кеп,
Көресің соны,
Көнесің.
Біреуді сүймеу - қасірет.
Екеуін сүйші -
Өлесің!


Екі махаббат - ылаң-ды,
Алады ерік, зықыңды.
Соғысқан түнде тұманды
Соқыр кемелер сықылды!
Осы екі шерлі махаббат -
Майдан ғой жатқан от құйып,
Сол өртте соның біреуі өлуге тиіс-тіОқ тиіп!
Жұмағым - осы, - тамұғым!
Тұйыққа басым тірелді.
Мен сені сүйем, жарығым!
Сүйемін және біреуді...





Пікір жазу