20.08.2022
  111


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ҚАРИҒА (101) сүресі

Соңғы сойқан болады әлі бір күні!
Ол немене?!
Білмейсің сен!
Күлкілі!
Пендең онда пәруанадай быт-шыт боп,
Тау - түгілі жүн болады бұл күні!
Бұл дүниенің тартсаң ауыр азабын,
Сен көрерсің жұмағыңның ғажабын!
Көңілің көншіп, көрсең қызық базарын,
Тарт ендеше, Тозағыңның Мазағын!
Хауия - сол,
Келеді, әне, жақындап,
Тамұқ Өрті - ол!
Алдыңда тұр!
Лапылдап!





Пікір жазу