Туындылар ✍️
Туындылар ✍️
20.08.2022
104

БӘЛӘД СҮРЕСІ (90)
Қасиетті осы Мекке қаласына серт!
Әкесі мен баласына серт!
Бұл пендеңді сергелдеңге жараттым,
Жараттым да,
Екі бетін құбылаға қараттым.
Маңдайға екі көз салдым -
Қос шырағың,
Қарсы алдыңнан, әне, екі жол шығардым!
Таңда, пендем,
Сені-дағы таңдайды ол,
Адастырмай апаратын қандай жол?!
Сауап болсын:
Есірке бір жетімін!
Кел де сипа, бір құлынның кекілін!
Иман келтір айқай-сүрең, дабырда!
Жаны күйген жанды шақыр сабырға!
Осы аятпен бітсін саған қанат та,
Жаның сенің жай табады жанатта