20.08.2022
  128


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ФАРИЗА АҚЫНДЫ СОҢҒЫ САПАРҒА ШЫҒАРЫП САЛҒАНДА

Граждан, Тәңірі жаныңа құйған жарық-нұр,
Халықсыз-Ақын,
Ақынсыз осы Халық-тұл;
Қолыңмен сенің Алаш кеп бүгін аңырап,
Ақынға топырақ салып тұр.
Кенезең кепткен жырына,
Жаның шөлдей боп,
Тәңірдің нұры-ол,
Кеудеңнен сол бір сөнбейді от.
Табысты қайта, қауышты қайта соңғы рет,
Ақын мен ХалықАққу мен Айдын Көлдей боп!
Кетті Ақын соңғы татар бір дәмін тауысып,
Қайырыла қарап, халқымен қайта қауышып;
Кірпік қаққанша өзгере берді дүние,
Көз алдымызда фәни мен бақи ауысып...
Қонды ғой жерге қанаты ұша талғанда,
Көкке ұшты рухы сен келіп топырақ салғанда.
Ол кетті сонау бақи дейтұғын дүниеге,
Біз қалдық мынау фәни дейтұғын жалғанда.
Фәни дейтұғын жалғанда жалғыз қалғанда,
Арбалма, жаным, жарқыл-жұрқылға алданба;
Алла бар көкте, Алаш бар жерде, Ақын бар,--
Түк те жоқ басқа опасыз осы жалғанда.





Пікір жазу