20.08.2022
  135


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

АҚСҰҢҚАР

Серік Қасымбековке
Ақсұңқар, Ақсораңға барасың ба?
Алтын тақ, асқақ болмыс, бәрі – осында.
Дүниеде сені көрген пенде сирек,
Сол көптің мен де жүрмін арасында.
Мұзарт шың, түу биікте тұлғаланған,
Бір көру дидарыңды туғалы –арман.
Бір ұлы ем Ақсораңның, адамзатта
Атыңды елден бұрын ұрлап алған...
Ақсұңқар, мысың да – өктем, кәрің де – өктем,
Жайсаңның құс жолымен бәрі де өткен.
Әлихан, Әлімхан мен Жақыптарың,
Сен жеткен шыңдардан да әрі кеткен.
Басылып тау мен мұхит, дала мысы,
Келеді Көк Тәңірге қарағысы.
Аспанды, Алланы да тәрік қылды-ау,
Құсзат пен Адамзаттың ала құсы.
Ақсұңқар, сен де – құссың, мен де – құспын,
Сен құшқан мұз құрсауды мен де құштым.
Санатын Алашыңның көктен көріп,
Қанатым талғаннан соң жерге түстім.





Пікір жазу