20.08.2022
  132


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

КАРЛАГ

Қаракесек, Қуандық, Қаржастың,
Табын-табын жылқысы жайлаған жер еді.
Ордасы болды Карлагтың,
Ой-шұқыры көп – себебі.
Кәуірдің сасық арағы
Қымыздан тәтті бал сынды.
Құлындарым – жасаураған жанары,
Құрауласам, естімейді даусымды.
Аяздан – шемен өңмені,
Алай да түлей қар борар.
Көз ашып елдің көргені –
Жансыз бен түрме, жандарал!
Осы деп елде Ай маңдайлы ұл,
Күш болса кімнің қолында, –
Жандарал көрмеген жандай бір
Қазекең – соның соңында.
Уәзірге лайық осы деп,
Топырақты ойлап, обалды, –
Бір шалдың ұлын қосып ек,
Құлқынның құлы боп алды.
Кім туар енді белімнен?
Адам жоқ аузы дуалы.
Алтын айдарлы ұлдар тумаса еліңнен,
...Құлдар туады.





Пікір жазу