20.08.2022
  107


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Мен не көрдім?

Мен не көрдім?
Не көрді ел?
Бәрі – ойымда.
Тәңіріме соны айтып барайын ба?
Өксіп барам өлең де оқи алмай –
Державинше – патшаның сарайында.
Лашықта да шарап көп – сімірейік,
Шаршы топқа кірмеспін сүмірейіп!
Менің орным қандай жер болса-дағы,
Тұрады өстіп ойсырап – үңірейіп.
Елді ойласам тау асып, сайға құлап,
Жел еседі алдымнан майда құрақ.
Бұқар жырау болар ем, сөз ұғатын –
Алтын басты Абылай қайда, бірақ.
Жалған әлем –
Талайдан қалған әлем,
Қияға шық қырандай самғап, өлең!
Абылаймен сөйлесу арман емес,
Сырласатын өзің ғой – Алламенен..





Пікір жазу