20.08.2022
154
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
ҚАРАҒАНДЫ. АПТАП.
Аптап ыстық.
Қаны кепкен бұтаның.
Қара нөсер тамбай – миы жұқарып.
Қара көмір қызыл шоқтай жатып ап,
Қарағанды кетер ме екен тұтанып?
Қарағанды – қара нардай ірілік –
Қара шаңды қалай жатыр сіңіріп?
...Топан судай тобылғы түс сыраны
Қара дию жатыр ма екен сіміріп?!
Күн күйіп тұр,
Күн емес – бұл.
От – маған!
Қайда қашам? Қай қиянға оқталам?
...Қайда барсаң – қызыл шарап, қызыл сөз,
Қызылтүстен қорқатұғын боп барам...