20.08.2022
174
КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫ
Алтыбақан алауыз қаһанның
Еркегі қайсы, қатыны?
Ата жау – басын атаңның
Күлсалғыш қылды ақыры!
Мінезің-ай, қазақ, беу, сенің
Қастасқан кезде қашып өң:
«Әкеңнің басы» деуші едің,
Ал, ойна –
Әкеңнің
Басымен!
Алаштың тау мен тасына
Талыстай таңба басылып,
Ит пен құс шықты басыңа,
Басыңның жоғын басынып...
Баспақ ел болдық неге біз,
Бопсаға көніп не түрлі?
...Біз –
Бассыз қалған денеміз –
«Бассыз салт атты» секілді!!!