20.08.2022
202
Қош бол, досым, қош! Қабырғам сөгіліп...
Қош бол, досым, қош! Қабырғам сөгіліп,
Сені ойлаймын, жанымдасың жаралы.
Айырылысқанмен бүгін біздер егіліп,
Алдымызда бір кездесу бар әлі.
Қол бермей-ақ қош бол, келмей бір тілге
Өкінішпен өксік алмай сананы.
Жаңалығы жоқ өлімнің бұл күнде,
Өмірдің де жаңалығы – шамалы.