20.08.2022
  91


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Адамзат пен ғаламзаттың...

Адамзат пен ғаламзаттың,
Неткен ғажап болмысы мен өрнегі,
Игізеді алтын басты төрдегі.
Хожа Хафиз бір меңіне сұлудың,
Самарқанды бере салған көрінеді,
Бұқараны бере салған көрінеді.
Сондай сұлу жаһан жатты алдымда,
Ғашық болсаң батыратын зар-мұңға,
Бір аруға бере салдым Бағдатты,
Балқантауға бардым да.
Ақсораңнан Балқантауға жол құлап,
Ол бір жұмбақ, гүл мен нұрға толды бақ.
Бере салдым бір сұлуға Бағдатты,
Шаһар емес, досым еді ол бірақ.
Бағдатым маған қарап бөгелді,
Балқантауға байланады ол енді.
Әні-міне дегенімше болған жоқ,
Әлгі сұлу бас сап, ала жөнелді.
О, сұлулар,
Бәйек болып пәктігіңе сендердің,
Құдай – куә, құрып бітпен шерлі ермін.
Хожа Хафиз Самарқан мен Бұқараны
Берсе егер,
Мен сендерге Бағдатты бергенмін.





Пікір жазу