20.08.2022
134
ЕКІ ИТ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Адам көрсе тап береді,
Ылғи маған тап келеді.
Үй тұсынан біреу өтсе,
Үргенін де бақ қөреді –
Сіздің ит.
Салпаң құлақ сақ келеді,
Сүйегіңді қақ бөледі.
Адамзаттан именсе де,
Итті көрсе тап береді –
Біздің ит.
Бүгін ит боп таласады,
Ертең қайта жарасады –
Сіздің ит пен біздің ит.
Жарасайық, жараспайық,
Итпен бірге таласпайық,
Туа соның тартып жүрміз азабын,
Оңған емес сіздің ит те,
Оңған емес біздің ит те,
Кел, иттікті аластайық,
Қазағым!