20.08.2022
  115


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Цивилизация! Аждаһа құсап ақырған...

Цивилизация! Аждаһа құсап ақырған...
Алдымды кілең қайыршы менен аш торып –
Күндерім қайда, күбіден қымыз сапырған,
...Арағыңды ішіп отырмын ләйліп – мас болып!
Бойда қан барда құрушы ма еді тек деген,
Темірге иленіп не түрлі?
Цивилизация! Мен сені иттей жек көрем –
Үрейлі үндіс секілді!
Цивилизация! Көкірегім – улы шер менің,
Шайқадың неге шаңырағымды – құтымды?!
Қалаға әкеп,
Даламды қалай жерледің –
Анамды жерлеген сықылды?!
«Көшпенді» деген кекесін тиіп шекеме,
Керуенім шықса, болармын әлі жолбасы,
Әлемді кезіп, әлі де көшіп кетер ем,
Жұмыр жер – Атом Бомбасы...
О, Бөрі – Бабам, жан берер шақта жет ұлып,
Мұнартып мазар санада.
Феодализмнен секіріп,
Жеткенім – ажалхана ма?!
Қу басың түгіл, ие бола алмай ауыңа
Қайда барасың, замана?!
...Садақпен шапқан, мылтық ұстаған жауына
Ырзамын қайран бабама!!!





Пікір жазу