20.08.2022
76
![](/uploads/shorttexts/author_image/118936239-3005264913033768-7346388476001674305-n[1].jpg)
Тұран тұрғандай іргеңде...
Тұран тұрғандай іргеңде,
Керім сал болған Кенежиренге тисе тақымы –
Жұматай сері туған бұл жерде, –
Алаштың адуын ақыны.
Айхой, жалған!
Ат ауыздығымен су ішкен күнде де,
Ата Жамбылдың Үйсін болмысын аңсаған, –
Түркі боп келіп дүниеге,
Түркі боп кеткен һәм – содан...
Па,
Шіркін!
Кей кезде батып шерге бір,
Кей кезде қызып шекеміз,
Жұматай сал жүрген жерде бұл
Біз-дағы жүрген екеміз!