meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  107


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

СКЕНДІР ЗҰЛҚАРНАЙЫННЫҢ ФИВ ШАҺАРЫН ЖАУЛАП АЛУЫ

Ашулы патша сөйледі, зілмен сілкініп:
«–Талқанда!» – деді – бәрін де талақ , күл қылып!
Құлайтын кез кеп, қабырғалары жыртылып,
Ақ шаңқан шаһар ішінен үнсіз тұр тынып.
Санады патша саусақпен (құдай сақтасын!);
«Өртеңдер күллі мұнара, шіркеу, қақпасын!»
...Дегенмен, толқып ойланып отыр ол әлі:
«Ақынның үйі ғана аман қалса болады...»





Пікір жазу