20.08.2022
  78


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Біз жоқпыз Будда келгенде.

Біз жоқпыз Будда келгенде.
Малдасын құрып, мазасыз ойда тұр әлі.
Мойнына бұршақ салып ап сол бір шерменде
Азған құлына аспаннан медет сұрады.
Иса да келген, Ібіліс, жынмен арбасып,
Сап тимақ болып өртіңді, өңез дертіңді.
Даурықпа тобыр оны да бас сап дарға асып
– Өлтірді!
Пайғамбар дарда тұр өксіп,
Шуылдақ тобыр, бұзылған қаншық, қағынды ұл
Шоқынып соған,
Керілген кезін крес қып,
Мойындарына тағып жүр...
Мұхаммед ғалай сәлем де келген зарлана,
Құдай біледі – құранның жыры нендей жыр.
Абайы сенген Аллаға
Алашы әлі сенбей жүр.
Құрт құсап дүние қыбырлап жатып, жыбырлап,
Көзін ашқанда көгін де көріп қалады.
Құлағына Сайтан сыбырлап,
Құдайдың сөзін естімей, өліп барады.





Пікір жазу