meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  20.08.2022
  130


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

БАЛАЛАРҒА БЕРЕЙІКШІ ЖЕР ШАРЫН

Балаларға берейікші Жер шарын,
ең құрмаса бір-ақ күн,
домалатып ойнасыншы шулап бір,
жұлдыздардың ортасында сұлулығына
тамсанып,
ойнасыншы ән салып!
Балаларға берейікші Жер шарын,
алып қызыл алма берген сықылды,
күлше-күлше ақ нан берген сықылды.
Балаларға берейікші Жер шарын
Сенім нұрын құйып саналарына,
күллі әлемнің балалары
күрес жырын қосып барабанына –
қолымыздан алып біздің Жер шарын –
берсін балаларына!
Балаларға берейікші Жер шарын!





Пікір жазу