20.08.2022
  103


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ҚАП ТАУЫНДА АҢЫЗ ЕТІП АЙТАДЫ

Қап тауында аңыз етіп айтады:
«Ең бірінші пайда болған – қыран» – деп.
Үнділіктер аңыз етіп айтады:
«Ең бірінші пайда болған – жылан» – деп.
Мен ойлаймын: табиғаттың қолынан
Ең бірінші шыққан – Адам. Соңынан –
Біреуі оның кетті айналып қыранға,
Біреуі оның кетті айналып жыланға...





Пікір жазу