20.08.2022
  89


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ИМАНБАЙ АТА

Иманбай ата – беліне түскен сақалы,
Ираннан келді, ойына түсіп Отаны.
Ираннан келсе, ойына түсіп Отаны –
Жетпіске кепті, жиырмада екен тоқалы...
Иманбай ата, беліне түскен сақалы,
Шарлады талай қиыр мен қырды, жотаны.
Қытайда – бәйбіше, Ауғанда – тұңғыш тоқалы,
Иманды болсын, олардың да осы – Отаны.
Ираннан келсе, ойына түсіп Отаны,
Сағынып қапты әкімі, ақын, шопаны:
Иығына, тіпті, шапанын жауып оқалы,
Басына үй сап, түйе байлады боталы.
...Бұ жақты-дағы жерсінбей, бірақ о, тәңірі,
«Көшемін!» дейді. Қайда көшсе де – Отаны,
Көше алмай шалдың көңілі әлі қапалы,
Босанып қалып Ираннан алған тоқалы...
Тоқтатар шалды топырағы, не сол тоқалы,
Түркістан асса қайтеміз, о да – Отаны.
Жиһазға – үйі, қозыға толды – қотаны,
Ираннан келіп, Иракқа кетпес о, тәңірі...





Пікір жазу