20.08.2022
  141


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ИНТИМДІК ЛИРИКА

Мен – Тұтқынмын.
Мәңгіріп түсінбейсің түк мұны.
Мен – Тұтқынмын.
Мәңгілік Махаббаттың Тұтқыны.
Мен – ғасырдың жасылы.
Күннен гүл боп төгілдім.
Белинскийдің ашуы.
Күлкісімін Гогольдің.
Мен – Арманмын.
Арманмын – шымырлаған от үні.
Шәйіт болған жандардың тірі қалған өкілі!
Мен – Дауыспын.
Еркін үн – пірім.
Онсыз тұншықтым.
«Сақтаныңдар!!!» – дейтұғын дауысымын
Фучиктің.
Көлеңкеден дір еттім жас үзіліп жанардан.
Мен – Азамат – жүректің лүпілінен жаралған –
Интимдік лирика.





Пікір жазу