20.08.2022
  137


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Құдай-ау, поэзия кімге керек?

Құдай-ау, поэзия кімге керек?
Күнге керек, құлпыртсын гүлге бөлеп,
Ақындар кімге керек айқай салған,
Аярлар айтқан кезде «үндеме» деп.
Кімге керек?
Сұрадым елге барып,
Тіл қатпады ол, мен қайттым шерге қалып.
Көкке кетті Есенин... Елегіздік,
Есенғали екеуіміз жерде қалып.
Шықты небір шәйірлер домбыра алып,
Мың бұралып, жүз, азы – он бұралып,
Зәулім-зәулім сарайға толды халық.
Ақын болсаң ал, шық деп, мына тобыр
Енді бізді күтіп тұр қолды қағып.
Сахнада қолқалап шақырғалы,
Жатыр бәрі.
Көрсетер ем көкесін ақындықтың
Көріп тұр ғой Аспанның ақындары?!
Қой десеңдер мен қойдым, мақұл, аға,
Аты ақын адамның, заты – бала.
Қыран біткен қияға сіңіп кетіп,
Жапалақтар ұшып жүр – сахнада.
Сұңқар – көкте.
Ол қалай жерге түспек?
Ию-қию қиқуға кел де түс деп,
Қанаты бар жапалақ қомданады,
«Сен құс болсаң, қайтейін, мен де құс» деп.
Жапалақтар, ал, сайра елге барып,
Жер шұқысын бұлбұлдар шерге қанық.
Көкке кетті Есенин... Елегізиміз –
Есенғали екеуіміз жерде қалып.
Мұқағали басына түнейік бір,
Асықпай-ақ кел, өмір сүрейік-дүр.
Мына жерде біз біраз жүрейік құр,
Ішек-сілеміз қатқанша күлейік бір...





Пікір жазу